Əдеп жөніндегі уəкіл – мемлекеттің сенімді өкілі
Мемлекеттік қызметшінің кəсібилігі, сыртқы келбеті мен əдеп нормалары маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдарда қызметтік əдеп нормаларын сақтау жəне мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызметшінің Əдеп кодексін сақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ, өзінің уəкілеті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін Əдеп жөніндегі уəкілдер қызмет атқарады.
Əдеп жөніндегі уəкіл өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға жəне қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік əдеп нормаларын сақталуына мониторинг жасау жəне бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Əдеп жөніндегі уəкілдер институтын нығайту, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жəне қызметтік əдеп нормаларын бұзудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Əдеп жөніндегі уəкілдер қызметшілердің қызметтік əдеп нормаларының сақталуына, ұжымның моральдық-психологиялық жағдайына мониторинг жасау, артық жұмыс атқару фактілерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілерді қатыстыра отырып, анонимдік сауалнамалар өткізіп, нəтижесі бойынша жергілікті атқарушы мекемелердің басшыларына қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар жолдайды.
Өз кезегінде, Əдеп жөніндегі уəкілдер мемлекеттік қызметшілер мен азаматтармен кездесулер, ұжымдарда семинар-дəрістер, жеке қабылдаулар өткізіп, туындаған сұрақтарына тиісті ақпарат беріп, кеңестерімен бөліседі.
Жалпы, Əдеп жөніндегі уəкіл қызметі – мемлекеттік қызметтің дамуына əсер ететін жауапкершілігі жоғары, жүгі ауыр қызмет. Əрбір əдеп жөніндегі уəкіл сеніп тапсырылған қызметті абыройлы орындауы қажет. Сонда ғана, біз мемлекеттік қызметтік оң имиджін қалыптастыра аламыз.
Осындай өзіне жүктелген қызметтерді өз деңгейінде атқара білген уəкіл мемлекеттік қызметшілердің беделінің артуына үлес қосары сөзсіз.
К.СЕРҒАЗИНА,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы