Жаңалықтар

Әдеп нормалары қатаң сақталады

   Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сәйкес қызмет атқаруы – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Дегенмен, кейбір мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексі талаптарының бұзылуына жол береді.

Мемлекеттік қызмет реформасы аясында мемлекеттік тәртіпті нығайту бөлігінде айтарлықтай өзгерістер болды. Атап айтқанда, биыл ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқалы органы болып табылатын Әдеп жөніндегі кеңес жұмыс істей бастады.

Әдеп жөніндегі кеңеске сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу сияқты міндеттер жүктелген.

Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында биылғы 9 ай қорытындысы бойынша, Қарағанды облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өтіп, онда 49 мәселе, соның ішінде 25 мемлекеттік қызметшінің тәртіптік істері қарастырылды. Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша, 18 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, Әдеп жөніндегі кеңес жазалаушы орган болып табылмайды. Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі ең алдымен мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуына бағытталған.

Әдеп жөніндегі кеңес тәртіптік істерден бөлек, құқық бұзушылықтың алдын алуға және бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтауға бағытталған өзге де сұрақтарды қарастырады. Атап айтқанда, биылғы 9 ай қорытындысы бойынша, Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында 3 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары қарастырылды. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметтік әдептің сақталуына мониторинг жүргізу және бақылауды жүзеге асыру жөніндегі есебі тындалды. Мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының сақталуы туралы 8 мемлекеттік орган басшыларының есептері тындалды.

Әдеп жөніндегі кеңеспен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға 3 ұсыным мен ұсыныс әзірленді.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес қызмет тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды іске асыру жөнінде мемлекеттік органдарға 58 ұсыным мен ұсыныс енгізді.

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша 10 ұсыным мен ұсыныс әзірленді.

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында тәртіптік істер көбінесе жергілікті атқарушы органдардың және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты қарастырылды. Осыған байланысты, әдеп жөніндегі уәкілімен бірге құқық бұзушылықтың алдын алуына бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарының сақталуына жүйелік бақылау жүргізу, өз кезегінде мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуына мүмкіндік туғызады.

Мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексі талаптарын бұзу фактілері бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгінуге болады.

Бақтияр МАКЕЕВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button