Жаңалықтар

«Әдемі» номер саудасы қызу

    Қарағанды аймағында көлік номерінің саудасы қызу жүруде. Көмірлі өлке тұрғындары 2014 жылдан бері «әдемі» номерлерге 29 млн. теңгеден астам қаржы жұмсапты.

Бүгінгі күнге дейін 120 номер иесін тапқан. Нақтырақ айтсақ, жалпы құны – 29077181 теңге.

Номерден бөлек, енді, өзі­ңізге ұнаған әріптерді де қоса сатып алу мүмкіндігі бар. Көңіліңіз қалаған номер­ді алғыңыз келсе, мамандандырылған халыққа қызмет көр­сету орталығына барып, өті­ніш жазып, мемлекеттік баж салығын төлейсіз.

Мұнда 010, 020, 077 санды номер – бір айлық есептік көрсеткіштің 5700 пайызына бағалануда. Яғни, 138396 теңге. Ал, дәл осы сандармен симметриялы әріптер алғыңыз келсе, бір айлық есеп­тік көрсеткіштің 11400 пайызына шығынданасыз (276792 теңге). Егер, қажет номер болмаса, көлік иесі тапсырыс бере алады.

Аталған қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясы ҚР Ішкі істер министрлігімен бі­ріге отырып қолға алуда.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button