«Дарабоз» – дәстүр ордасы

Сәрсенбі күні Қарағандыдағы «Теміржолшылар» Мәдениет сарайы жанынан «Дарабоз» орталығы салтанатты түрде ашылды. Іс-шара барысында қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды.

Жаңа орталыққа жүктелген міндет маңызды. Негізгі мақсат – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын наси­хаттау, жас ұрпақ бойындағы сүйіс­пеншілік пен патриоттық сезімді арттыру, атадан қалған мұраны кейінгі ұрпаққа мүлтіксіз жеткізу, қоғамдағы тұрақ­тылық пен этносаралық келісімді нығайту болып табылады.
Ашылу салтанатының құрметті қонақтары ретінде «Нұр Отан» пар­тиясы Октябрь аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ба­қытжан Аманжолқызы, «Күй-кер­уен» шертпе күй орталығының жетекшісі Қайролла Дәулетбекұлы, «Жарқын жылдар» зейнеткерлер клубының мүшелері, Мәдениет сарайы жанындағы ұжым­дардың қатысушылары мен арда­герлері, теміржол колледжінің студент­тері, өнер мектебінің ұстаздары мен мектеп оқушылары шақырылды.
Ашылу салтанатында мектеп оқу­­шылары, колледж студенттері, «Магис­траль» ардагерлер хоры, халық әндерін орындаушы Ернұр Қабдіраш, Мәдениет сарайының әншісі Еркебұлан Қалиев өз өнерлерін ортаға салып, көрермен ілтипатына бөленді. Салтанатты мерекеде бала­лар асық ойнап, қонақтар қазақ халқының ұлттық тағамдарынан дәм тату мүмкіндігіне ие болды.

Өз тілшімізден.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.