Дәстүрлі дінді дәріптейді
Биылғы жылдың 22 шілдесі күні ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық Орталық мешітінің жастар ісі жөніндегі бөлімі мен басқарма арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Онда:
Жастар санасында халқымызға тән дәстүрлі діни сана сезімді және радикалды идеологияға деген иммунитетті қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бойынша кешенді шараларды жетілдіру;
Жастар арасында діни қарым-қатынас саласында ахуалды зерттеу бойынша сараптамалық және әлеуметтік зерттеулер жүргізу, оның діни бағдар тұрғысынан қазіргі заманғы жас азамат портретін құру;
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыру;
Мақсатты топтар (радикалды идеологияға бейім және ұшыраған тұлғалар) арасында адрестік діни негіздегі алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
Орта білім, техникалық және кәсіптік, жоғарғы білім беру ұйымдарында оқитындарды қоршаған орта шындығына саналы қарым-қатынаспен және радикалды діни идеологияны сыни қабылдау үшін дін жөнінде қажетті білім көлемімен қамтуды қамтамасыз ету;
Сонымен қатар, Меморандумды жүзеге асыру аясында бірлесіп өткізетін іс-шаралар аясы жоспарланған.
Жәнібек ӘЛИМАН