Нұра

Дәрігерлік амбулатория – ел игілігіне

Елорда күні мерекесі аясында Нұра ауданының Ахмет ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылып, тұрғындар игілігіне берілді.

Уақыт талабына сәйкестендірілген амбулаторияда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Жаңа емдеу ошағында жалпы тәжірибе дәрігері, педиатр, дәрігерге дейін қабылдау кабинеттері, қан жинау кабинеті, акушер-гинеколог кабинеті, егу кабинеті және 2 төсекті күндізгі стационар бөлмесі қарастырылған. Өткен жылы басталған амбулатория құрылысын «Каздостройтех» ЖШС сапалы салып шыққанын айта кеткен жөн.

Дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатында ауыл тұрғындары мен ақ халатты абзал жандарды аудан әкімінің міндетін атқарушы М.Тұраров пен Ахмет ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Баграмов құттықтады.

Тұсаукесер лентаны облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі А.Қанафина мен жергілікті қауымдастық мүшесі А.Әубәкіров салтанатты жағдайда қиды.

Ауыл тұрғындары көптен күткен жағымды жаңалықтың орнықты орындалғанына ризашылықтарын бүкпесіз білдіріп, әр деңгейлі атқарушы билік органдарына алғыстарын жаудырды.

Өз тілшімізден.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button