Адам жанының арашасы болып жүрген абзал жандардың кәсіби мерекесі Теміртау қаласында да аталып өтті.
Қаланың Мәдениет және демалыс саябағында өткен салтанатта Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпанов дәрігерлер қауымын мерекемен құттықтап, бір топ сала қызметкерлеріне қала әкімінің Алғыс хаты тапсырылды.
Саябақтағы мерекелік шарада республикалық мемлекеттік Корей музыкалық комедия театрының (Алматы қаласы) әншісі Роман Ким мен Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрдің әншісі Қ.Байжанова,жергілікті өнерпаздар думан көрігін қыздырды.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ.