Пікірлер

Дәрігер – мәртебелі мамандық

Мұғалім мен дәрігер – қоғамға ең қажетті мамандықтар. Әйтсе де, кейінгі уақытта бұл кәсіп иелерінің беделі күрт төмендеп кетті. Ащы да болса, шындық сол – қоғам құрметінің азаюы мен еңбекақының төмендігі білікті кадрлардың тапшылығына алып келді.

Десек те, қазір оң өзгеріс бар. Бұған дейін педагог мәртебесін көтеру мәселесі кең көлемде талқыланып, арнайы заң қабылданып, оңтайлы шешімін тапқан еді. Енді, міне, кезек медицина қызметкерлеріне де келіп жетті.

Дәрігерлер пандемия белең алған тұста өмірлерін қатерге тіге отырып, індетпен күресті. Тіпті, айлап үйіне бармай, ауруханада қызмет қылған әріптестеріміз бар. Олардың қажырлы еңбегі ескеріліп, лайықты бағасын алуда. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында медицина қызметкерлерінің еңбекақыларын және беделін көтеру қажет екенін айтты. Бұл – құптарлық бастама. Дәрігер беделі жоғарыласа, білікті мамандардың да көбейері анық.

Дінмұхамед ЖАҚСЫБАЕВ,

хирург, травматолог.

ТЕМІРТАУ қаласы.

 

Басқа материалдар

Back to top button