Әр дауыс – ұстанымның көрінісі
Құрылтай сайлауы – бұл күназаматтық жауапкершілік тұрғысынан маңызды. Себебі елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысу – әр азаматтың өз ұстанымын білдіруіне, таңдау жасауына мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Сайлау учаскесіне барып, дауыс беру арқылы өз таңдауымды жасадым. Меніңше, ел болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды сәттерде азаматтық белсенділік таныту қажет. Әр адамның дауысы — оның өз көзқарасы мен ұстанымының көрінісі.
Қоғамның дамуы тек белгілі бір азаматтарға немесе мемлекеттік органдарға ғана байланысты емес. Елдің болашағына әрқайсымыздың қосар үлесіміз бар. Өз міндетімізді жауапкершілікпен атқарып, қоғамдық мәселелерге белсенді араласу — ортақ болашаққа деген сенімнің көрінісі.
Еліміз тыныш, халқымыздың бірлігі бекем болсын! Жарқын болашаққа бірге қадам басайық!
Рымбала ОМАРБЕКОВА
ҚР еңбек сіңірген қайраткері



