БОЛАТ ЖОЛДЫҢ БЕРЕКЕСІ

    «Теміржол – экономиканың күретамыры» деп орынды айтылған. Адамзат ғұмырында болат жолдың бойымен қыруар жүк тасымалданып, мыңдаған жолаушылар діттеген жеріне жетеді. Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің Балқаш станциясы халық шаруашылығы жүктерін тасымалдауда игілікті іс тындырып келеді.

Үлкен ұжымға «Қазақстанның құрметті теміржолшысы» Аманжол Омаров жетекшілік етеді. Уақыт талабына сай теміржол саласында да инвес­тиция тарту дамудың негізгі өзегіне айналып отыр. Яғни, теміржол қызметін пайдаланудың заманауи бағдарламасы кеңінен енгізіле бастады. Соның бастысы апатсыз, ақау­сыз еңбек, жұмыс тәртібін қалып­тастыру. Ұжымдағы 120-ға тар­та жұмысшы-маман осы та­­лап тұрғысынан еңбек етуде. Балқаш №1 станциясы үл­­­кен бір теміржол торабын құ­райды. Мәселен, Ағадыр, Мой­ынты, Қарағанды, Сортировка, Саяқ, Ақтоғай, Достық стан­циялары ежелден негізгі те­­мір­жол торабы болып табылады. Қызмет көрсетудің жаңа үл­гісіне сай локомотив пайдалану, жедел вагон деполары, Бал­қаш станциясы ұжымдары бір­лесе, берекелі іс тындырып, жоспар биігінен көрініп отыр.

 

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Балқаш қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.