Руханият

Болашақ және латын әліпбиі

    Қарағандыдағы №65 орта мектебінде тіл жанашырлары – қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуын  насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті. «Ұлт болашағы – латын әрпі» тақырыбында өткен іс-шараға мектеп әкімшілігі, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, тарих және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Сөз кезегін бірінші болып алған мектеп директоры Б.Смағұлов қоғамда болып жатқан өзекті мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшудің қазақ жұртшылығы үшін тиімді екенін атап өтті. Дөңгелек үстел барысында тіл жанашырлары өздерінің пікірлерін жан-жақты талқылап ортаға салды. Түбі бір түркі елі үшін латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелеріне сеніміміз мол.

Қазақ жазуын латын әліпбиі негізіне ауыстыру – әбден пісіп жетілген қазақ тілінің дамуына қажетті мәселе. Әліпбиді ауыстырудың ең маңызды, ең салмақты нәтижелері – жаңа әліпби тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге күшті әсер етеді, қазақ тіліне айрықша мән беріп, қайтадан жаппай оқуға себеп болады. Сондай-ақ, тіліміздің таза табиғи қалпын сақтап қаламыз.

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпіз. Сондықтан, латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Г.МАСАЛИМОВА,

И.ТӨЛЕНДИНА,

қазақ тілі пәнінің мұғалімдері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button