Руханият

Болашағымыздың басты бағдары

Әлем өркениетінде өзінің даму ерекшелігімен танылған еңсесі биік, тамырын тереңге жіберген мемлекет болғандығымыз хақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізі, оның қайнар көзі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

Бүгінгі таңда қазақ тіліне аударылған 18 ғылыми оқулықтың студенттер үшін білім жолында жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, білім және ғылым жолының көкжиегін кеңейтетіні сөзсіз. Ағымдағы жылдың соңына қарай тағы да 30 кітапты  аудару жоспарланған. Ал, 2018-2019 оқу жылынан бастап аударылған оқулықтар еліміздегі жоғары білім беру жүйесіне енбекші. Бұл жобаның аясында әлемдік деңгейдегі танымал жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасына енген оқулықтар аударылып, олар қасиетті Қазақстан ғылымының дамуына, еліміздің ертеңі, Тәуелсіздігіміздің тірегі, ұлтымыздың болашағы – жастарға білім берудің сапасын көтереді. Классикалық оқулықтар көпэтносты Қазақстан халқының рухани тұрғыдан жаңа белестерге жетуіне және ғылыми, біліми тұрғыдан өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосатынына сенімдіміз.

Салауат КЕНТБЕК,
Қарағанды мемлекеттік университетінің
тарих факультетінің доценті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button