Руханият

Болашаққа ұмтылған елміз

   М.Әуезов атындағы №31 кітапхана-филиалында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналған «Қазақстан – болашаққа ұмтылған ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстан өз Тәуелсіздігін алған ширек ғасырда екі жаңғыруды (экономикалық және саяси) іске асыруда біраз табыстарға жеткендігі, бұл жаңғырулардың мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу екендігі, бұл жаңғыруларды сәтті іске асыру үшін үшінші, яғни, рухани жаңғыруды іске асыру қажет екені айтылған.

Көрмеге қазақ тілін біртіндеп латынға ауыстыру, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті жерлері», «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» атты Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға байланысты бағдарламалары негіз болған.

Шараның мақсаты – оқырмандарға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен таныстыру.

Қазақстандық әрбір азамат бәсекеге қабілеттілік, прагматизм секілді қасиеттерге ие болып, ұлттық сананы сақтауға ат салысуы қажет.

Айжан МЕРЕЙХАНҚЫЗЫ,

кітапханашы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button