Рухани жаңғыру

Болашаққа қадам

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне көшу мәселесі ұсынылды. Аталған мәселеге қатысты кеше ҚР Парламенті Мәжілісінде парламенттік тыңдау өтті.

Латын әліпбиіне көшу – жарқын болашаққа жасалған қадам. Үш тілді еркін меңгерген адам ретінде айтарым: латын әліпбиіне көшу қазақ тіліне орасан көп пайда әкеледі. Біріншіден, интернет желісіндегі ақпараттарды тез игеруге, шет елдермен байланысты жақсартуға жол ашады. Екіншіден, IOS, Android платформаларындағы бағдарламаларды қолдануда жеңілдіктер әкеледі. Үшіншіден, шет елдік азаматтар қазақ тіліне және тіл арқылы мәдениетіміз бен тарихымызға қызыға түседі. Ал бұл елдегі туризм мен әдеби, мәдени байланыстың қарқынды дамуына орасан үлес қосып, көп бөлігі латын әліпбиін қолданатын түркі дүниесі руханиятының интеграциясына атсалысу болмақ.

Абылай КАРИНОВ,

Долинка кенті саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске сақтау мұражайының ғылыми қызметкері.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button