Ресми

Бизнес: мүмкіндіктер және перспективалар

2022 жыл шағын және орта кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігінің өсуімен ерекшеленді. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 14,9%-ға өсіп, 93 086 бірлікке жетті. Көрсеткіштің өсуі облыстың барлық өңірлерінде және экономика салаларында байқалады. ШОБ-та жұмыспен қамтылу 5,4%-ға 225,7 мың адамға дейін ұлғайып, облыстағы барлық жұмыспен қамтылудың 40%-дан астамын қамтамасыз етті. ШОБ субъектілері 1,7 трлн. теңге сомаға өнімдер мен қызметтер шығарды (2022 ж. 9 ай), бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артық.

Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалардың жыл сайынғы республикалық рейтингінің нәтижелері бойынша Қарағанды облысы республикада 5-орынға ие болды (сауалнама және статистикалық деректер бойынша). ТОП-10 үздік ауданға (елдің 200 әкімшілік-аумақтық бірлігінен) облыстың Бұқар жырау, Осакаров және Ақтоғай аудандары кірді.

2022 жылы бизнес-жоспар құру мен идеядан бастап бизнесті масштабтауға дейінгі барлық қолдау шаралары 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылуда.

Оны іске асыруға есепті кезеңде бизнесті қаржылық қолдау үшін 16,5 млрд.теңге бөлінді, бұл 55 млрд. теңгеден астам кредит сомасына 5 мыңнан астам ШОБ жобасын қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Оның ішінде: 42 млрд. теңге кредит сомасына 3,0 мың жоба субсидияланды. 9,7 млрд. теңге кепілдік сомасына 906 жобаға кепілдік берілді, 900 млн. теңгеге 719 грант және 2,6 млрд. теңгеге 373 микрокредит берілді.

Мемлекеттік субсидиялардың арқасында Теміртау қаласында «Кішкентай таланттар академиясы» бөбекжай-бақшасы»;  Қарағанды қаласында «Балғын жас», «AQYLDY BALA» және «Алтын Мирас» балалар мекемелері ашылып, кеңейтілді.

Қарағанды қаласындағы «Alanda Clinic» жеке клиникалары, «ГлазоЛик» офтальмология орталығы, «SANAD», «AKA DENT», «АҚНҰР – 1» клиникалық-диагностикалық оңалту орталығымен жаңа заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды.

Біздің отандық компаниялар өндірісті кеңейтті: «SUNPAPER» ЖШС (қағаз бұйымдарын өндіру); «ҚазПласт» ЖШС (пластик бұйымдарын өндіру); «Қазтехфильтр» ЖШС (машиналар мен жабдықтарға арналған сүзгілерді өндіру); «Нәтиже-тәтті» ЖШС (кондитерлік бұйымдарды өндіру); «ЭРГОНОМИКА» ЖЗҚ (электр тарату және реттеуші бұйымдарды өндіру); Дедов ЖШС (Шұжық және ет өнімдерін өндіру); «ККК Бетон» ЖШС (тауарлық бетон өндірісі) және т. б.

Жастар кәсіпкерлігін дамытуға көп көңіл бөлінеді. 2022 жылы жас кәсіпкерлерге Қарағанды облысы әкімінің 50 гранты (әрқайсысы 2 млн. теңгеден), қалалар мен аудандар әкімдерінің 130 гранты (орта есеппен 1 млн.  теңгеден), кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 280 грант (400 АЕК бойынша) берілді.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырудың әсері айтарлықтай – 12,9 мың жаңа бірегей кәсіпорын ашылды, 5,6 мың жаңа жұмыс орны құрылды, барлығы 39 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Ұлттық жобаға қосымша облыс кәсіпкерлері үшін жаңа қолдау құралдары қосылды.

Экономиканың басым секторларында моноқалалар мен облыс орталығының кәсіпкерлері үшін «Кәсіпкер» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірледі. Осы салалардағы бизнесті қолдау өз өндірісін кеңейтуге, сол арқылы облыстың экспорттық әлеуетін арттыруға, креативті кәсіпкерлікті дамытуға серпін беруге мүмкіндік береді.

Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджет пен Даму қорының тең қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2022 жылы «Кәсіпкер» бағдарламасын іске асыруға 500 млн. теңге бөлінді, спорт және көлік саласында 108 млн. теңге сомасына 3 жоба қаржыландырылды және 544,5 млн. теңге сомасына 13 жоба қаралуда.

 Бизнес үшін қаржылық емес қолдау да сұранысқа ие.

2022 жылы кәсіпкерлік бастамасы бар 1200-ден астам адам Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында тегін сервистік қызметтер алды, оның ішінде 520 клиент өз бизнесін ашты. Палатаның қалалар мен аудандардағы филиалдары жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында бизнесті ақпараттық қолдау бойынша 11 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

2022 жылғы 30 қыркүйекте 100 адамды қамти отырып, бизнестің алдында   бақылау-қадағалау органдарының жыл сайынғы бірыңғай есеп беру күнін өткізді.

Бизнесті қолдаудың жаңа форматын енгізудеміз – бұл әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау. Өткен жылы облыста арнайы комиссия құрылып, біздің екі компанияға әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мәртебесі берілді («Қолғанат-Қарағанды» ЖШС және «Лезихин Евгений Николаевич»ЖК).

Облыс кәсіпкерлерінің 40%-ға жуығы сауда саласында қызмет атқарады. Жыл қорытындысы бойынша ішкі сауда көлемі 2021 жылға қарай 8,9% өсіммен 3,2 трлн.теңгеге жетті, оның ішінде бөлшек тауар айналымының көлемі 3,7%-ға өсті (1,3 трлн.теңге) және көтерме 12,5% (1,9 трлн.теңге).

Жаңа бизнес нысандарының құрылысы жалғасты. Мәселен, 2022 жылы сауда және қызмет көрсету саласында 20,8 млрд. теңгеге 278 жоба іске асырылып, 1266 жұмыс орны құрылды.

Біздің өңірдің экономикасын дамытудың маңызды факторы туризмді дамыту болып табылады, ол өндірістен ойын-сауық саласына дейін бірқатар бизнестің өсуіне алып келеді.

2022 жылы туризм саласында 2,4 млрд.теңге инвестиция сомасына 15 жоба іске асырылды. Мысалы, Қарқаралы ауданында 3 демалыс аймағы ашылды (Аяулым қонақ үйі, хостел, «Batyr & Brothers» демалыс аймағы); Қарағандыда – «Capital» жатақханасы және «Сарай Ділда» мейрамхана-қонақ үй кешенінің құрылысы аяқталды.

Туризмді дамыту үшін алғаш рет 2022 жылдан бастап туристік қызметті дамытуды ынталандыру шаралары бекітілді, Осакаров және Бұқар жырау аудандарының 3 санитарлық-гигиеналық тораптарын күтіп-ұстау субсидияланды.

2022 жыл бірқатар шет елдердің ресми өкілдері тарапынан қызығушылықтың жоғары деңгейімен атап өтілді. Біздің облысқа Германия, Польша, Румыния, Латвия, Беларусь, Ресей және Тәжікстан елшіліктерінің өкілдері келді. Осы кездесулер аясында экономиканың барлық салаларында өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

2023 жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнесті қаржылық қолдау жалғасады.

«Кәсіпкер» өңірлік бағдарламасының кредиттік портфелін 3 есеге кеңейту және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттық қаржыландыруды 5 есеге ұлғайту жоспарлануда.

Туризм саласында көлік құралдарын сатып алуға, туризм және жол бойындағы сервис объектілерін салу және реконструкциялау кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде қолдаудың жаңа қаржылық шаралары ұсынылатын болады, сондай-ақ, санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауды субсидиялау жалғастырылатын болады. Туроператорлар мен БАҚ үшін ақпараттық тур өткізу және туризм бойынша жаңа сайт әзірлеу жоспарланған.

Биыл жеке инвестициялар есебінен 1,3 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен сауда, туризм және қызмет көрсету саласында 12,8 млрд. теңге инвестиция сомасына 170 жаңа нысан ашу жоспарлануда.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің жұмысы және бақылау-қадағалау органдарының бизнес алдындағы бірыңғай есеп беру күнін өткізу жалғасады.

Нұрлан Алимжанов,

облыстың кәсіпкерлік басқармасының басшысы

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button