Пікірлер

Бізге тәртіп пен сабыр керек

Құрметті жерлестер! Бүгін Тұңғыш Президент- Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Бірлесе білген ел бәрін жеңеді” мақаласын оқыдым.Бүгінгідей алаң – елең уақытта қалың жұртын сабырға шақырып, тілегін жеткізді. Біртұтас ел болып, бейбіт күн кешуіміз сауатты да сабырмен жүргізілген саясаттың жемісі, Елбасының еңбегі. Босағамыз бекіді, шекарамыз шегенделді. Бейбітшіл, тұрақтылығы мен татулығы жарасқан ел ретінде алыс-жақынға танылдық. Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғауды басты мақсаты тұтқан сарабдал саясаткер кез – келген қиындық адамды шыңдайды, басқа да мүмкіндіктерге бастайды деді. Дәл қазір жұмылып жұдырық болып, бірлігімізді көрсететін уақыт. Бірлігі кеткен елдерді де көріп жүрміз. Қазағым ыкылымнан бері парасатты, ұлы халық қой. Жарасқан бірлігімізді сырттан алакөздеп отырғандарға ермей, жастарымызды да тәртіпке бағынуға шақырайық. Дәл қазір әлем бойынша жарияланған пандемия кезінде тек тәртіп пен сабыр керек бізге. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған құзырлы ұйымдар барлық мүмкіндікті жасауда. Олай болса, тәніміздің саулығы үшін тәртіпке бағынайық.

Күліш Төлеуханова
Қарағанды облысы ҚХА
Аналар кеңесінің мүшесі.

Басқа материалдар

Back to top button