Руханият

Біз өліара шақта тұрмыз

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын барша қазақстандықтар күтіп жүрді десем артық айтқандық бола қоймас. Өйткені, бұл біздің одан әрмен қалай жақсы өмір сүруіміздің концепциясы деп батыл айта аламыз. Жаһандану көшінде жұтылып кеткен жоқпыз. Екі дәуір түйісінің өліара кезінде тұрмыз.

Қазақстан мұсылмандары басқармасы өз бағытын анықтап, барша жұртшылықты осыған үндейді. Дін – баршаға ортақ өмір сүру атрибуты. Одан ешкім де қашып құ­тыл­ған емес. Ертеңіне ұмтылған елдер нақ осы дін қағидаттарына сүйенеді. Асыл дініміз біздің бабарымыздан мирас болып қалған. Сол байлығымыз тұрмысымызға дәстүрлі дін болып кіріп отыр. Бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан сол ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Елбасымыз айтып отырған прагматизм – болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Орынсыз сән-салтанат дендеп тұрған қазіргі заманның орнына ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану заманы келеді деп сенемін. Біз қазіргі реализмімізден кетпеуіміз керек, ертеңгі прагматизмге ұмтылуымыз керек.

Өмірзақ қажы БЕКҚОЖА,

Қарағанды облыстық мешітінің

Бас имамы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button