Рухани жаңғыру

БІТІМГЕРЛІК – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

   Жуырда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Қоғамдық келісімінің бастамасымен Ақтоғай ауданында «Медиация – дау-дамайларды шешудің оңтайлы тәсілі» атты оқу семинары өтті.

Аталған шараға Ақтоғай ауданының әкімі С.Әбеуова және ауылдық округтерінің әкімдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат өкілдері, сонымен қатар Ақтоғай және Шет аудандарының белсенді жастары және Ақтоғай ауданының  барлық ниет білдіруші азаматтары атсалысты.

Оқу семинары мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді. Семинардың модераторлары ретінде – Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы, кәсіби медиатор С.Шардарбекова, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.Жасқайрат, «Мир добра» ҚБ президенті, кәсіби медиатор Т.Абрамова және «Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты» ММ баспасөз хатшысы, Қарағанды облысының 2017 жылғы үздік кәсіби медиаторы Е.Жәнібеков қатысты.

Семинар соңында қатысушаларға сертификат табысталды. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Ақтоғай аудандық сотында медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді Ақтоғай аудандық сотының төрағасы М.Қасымбеков ашып жүргізді. Дөңгелек үстел барысында, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім»

КММ баспасөз қызметі.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button