Пікірлер

Бірлік бар жерде, тірлік бар

6104822

Әлемде коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланды. Осы жағдайға орай тұрғындар арасында алаңдатушылық байқалып отырғаны рас. Осы бір қысылтаяң шақта Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың халыққа қолдау көрсетіп, «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын жолдады. Елбасы мақаласын оқыдық, толғандық. Ел басына қиын жағдай түскен сәтте қараша жұртты сабырға, ақылға, береке-бірлікке шақырып, өзінің жүрекжарды ақ тілеуін білдірді.

Тұңғыш Президентіміздің әр сөзі жанға медеу сыйлайтыны хақ. Осы тұрғыдан, басшылық тараптарынан халыққа  түрлі қолдауларда жасалып жатыр. Індетке қарсы сақтық шаралары да күшейтіліп келеді. «Сабыр түбі сары алтын» демекші біз осы орайда сабырлылық танытып, тәртіпке бағынып, өз денсаулығымызды қорғауымыз тиіс. Тұңғыш Президентіміздің сөзі де осы қауіпсіздік пен ынтымақтастық аясында өрбіп отыр.

Қайсы бір жеңісті, қуанышты алып қарасақ, ол қазақ халқының мызғымас береке-бірлігі мен қайсарлылығының арқасында келген жеміс екенін аңғарамыз. Сондықтан, «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген аталы сөзге тоқталып, төрт күл дүниеге төнген сынақтан сүрінбей өтіп, тәу еткен Тәуелсіздігімізді сақтап, «Мәңгі елге» айналуымыз тиіс. Біз ендеше бірге бола отырып, ұлы мұрат жолында аянып қалмайық.

Гүлшара Ахметова,

Шет аудандық аналар кеңесінің төрайымы

 

Басқа материалдар

Back to top button