Біріксек — үлкен күшпіз

Бүгінгі таңда көпэтносты Қазақстандағы әр ұлт пен ұлыстың өкілдері өнеге үлгісін көрсетіп отырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Төтенше жағдай жарияланғанымен, алдағы күнге сенім – берік.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде «Бұл дағдарыс бірлігі бекем, елін сүйетін отаншыл жұрт екенімізді көрсетті. Қашанда осылай ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсатымызға қол жеткіземіз», – деп атап өткені барлық этонстарды «Біргеміз» ұранының аясында бірігуге шақырады.

 Осындай сәтте өзге ұлт өкілдеріне есігін айқара ашқан қазақ халқымен бірге екенімізді айтқымыз келеді.

Біз біріксек – үлкен күшпіз.

Гюлаға РЗАЕВ,

«Намус» облыстық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы.