Пікірлер

Бірігу – жетістік жолы

Елбасы халқымен бірге екенін әрдайым игі істері арқылы байқатады. Жақында «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласымен елге қолдау білдірді.

Мақаланы оқығанда, шын мәнінде, рухың көтеріледі. Өйткені, Қазақстанның тәуелсіздік жолында талай күрделі кезеңді өткергенін жақсы білеміз.

Егер барлығымыз бірлікте болсақ, індеттің таралуы бізге кедергі бола алмайды. Осы жолда дәрігерлер, тәртіп сақшылары, әскери қызметшілер үлкен жұмыс атқаруда. Мұғалімдер мен оқытушылар жас буынның білім алуына өз үлестерін қосуда. Еріктілер де  ерекше атауға лайықты. Олар кәсіпкерлермен, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалымен, Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп мұқтаж адамдарға қажетті азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді жеткізумен айналысуда.

Тек бірігу арқылы ғана сынақтарға төтеп береміз. Біз – біргеміз!

Арафат МАЖИТОВ,

ҚХА «Жаңғыру жолы»  өңірлік штабының мүшесі.

Басқа материалдар

Back to top button