Жаңалықтар

Бір үйде – қос мереке

      Астана күні мерекесін асыға күтетіндердің бірі – Айзере Серікова. Себебі, үш жасар бүлдіршін дәл осы күні дүние есігін ашқан.

Айзере

қазыбек би

Бұл күні ата-ана, туған-туыстан бөлек, ел ағалары да айтулы мерекеде Айзереге құрмет көрсетіп, сый-сыяпат көрсетеді. Әкесі Азамат Рақышев пен анасы Ләйла Сыздық та аянып қалмайды. Айзеренің туған күнін ерекше атап өтеді. Ең бір қызығы, бұл отбасының тұңғышы Аида 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні туған. Сөйтіп, Алланың қалауымен айтулы күндері дүниеге келген қос бүлдіршін – ата анасының ыстық ықыласына бөленуде.

Сағыныш Әбілова.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button