Жаңалықтар

Бір айда – бір миллион

       «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі өзінің миллионыншы көрерменін қарсы алды.  Ол – Астана қаласының 27 жастағы тұрғыны Гүлжихан ЖАҢАБЕРГЕНОВА.

11 шілде, сағат 18.06-да «ЭКСПО-дағы» өткізу пунктте­рінде орнатылған бейнебақылау камералары мен адам санын есептеуіш құралдар «ЭКСПО – 2017» көрмесінің миллионыншы келушісін тіркеді. Гүлжиһан Жаңабергенова Көрмеге жалғыз келмей, өзінің жары мен үш жастағы қызын ертіп келген екен.

– Мен №76 мектеп-лицейінде мұғалім болып қызмет етемін. Мұнда екінші рет келіп тұрмын. Бірақ, ол кезде біздің «Нұр Әлем» павильонына кіре алмаған едім. Сондықтан, бұл жолы, бірінші кезекте, біз өз еліміздің павильонына ат басын бұрмақпыз. Шынымды айтсам, осындай қуанышты жағдайға тап боламын деп ойламадым. Тіпті, «ЭКСПО-ға» келген адамдар саны тіркеліп отыратынын да білмеппін, – деді Гүлжихан Жаңабергенова.

Сондай-ақ, айы оңынан туған мейманды құттықтау үшін Көрменің медиа-орталығына «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов те келді. Ұлттық компанияның басшысы миллионыншы келушімен жүздесіп, оған естелік сыйлықтар мен  «Дю Солей» циркі қойылымына арналған билеттерді тарту етті.

– Біз жоспар бойынша жұмыс істеп келе жатырмыз және барлығы ойдағыдай өткізілуде. Бүгінде 1 миллионыншы келуші тіркелді, бұл біз үшін жақсы көрсеткіш. Негізі, «ЭКСПО –2017» көрмесінің жұмысы барысында 2 миллион келуші тіркеледі деп жоспарлаған едік. Дегенмен, бір айдың ішінде 1 миллионыншы келушіні қарсы алудамыз. Осындай ауқымды жоба өткізіп отырған соң, бірінші кезекте, қазақстандықтардың көңілінен шығуға тырысамыз. Көрмеге елдің қызығушылығы артып келе жатқанына қуаныштымыз, – деді Ахметжан Есімов.

10 маусымнан бері Көрме аумағында 1031 мәдени және іскерлік шара өткізілген. Мемлекет басшыларының, министрлер мен халықаралық павильон комиссарларының қатысуымен 84 хаттамалық шара ұйымдастырылған.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button