Жаңалықтар

Бильярдтан Нұрмахан Оразбек атындағы облыстық турнир басталды 

Қарағандыда БАҚ қызметкерлері күні мерекесіне орай бильярдтан облыс журналистері арасында Нұрмахан Оразбек атындағы І аймақтық турнир басталды. «Saryarqa Aqparat» ЖШС -ның ұйымдастыруымен өткізіліп отырған шараға аймақтағы БАҚ саласында қызмет ететін журналистер қатысуда. Аталмыш турнирге «Қоржынкөл-А» ЖШС-ның Бас директоры Әбілқайыр Ошақбаев демеушілік жасауда.

Шарапатты шара Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, танымал журналист Нұрмахан Оразбектің есімін ұлықтау әрі журналистер арасында бильярдты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Турнирге БАҚ саласының ардагерлері арнайы шақыртылды.

Медиахолдинг директоры Қайрат Әбілда:

– Нұрмұхан Оразбеков 1988-1991 жылдар аралығында облыстық  «Орталық Қазақстан» газетінің редакторы болған. Сол уақытта «Орталық Қазақстан» газеті қарқынды дамып, үлкен өзгерістер орын алды. Әділетті адам. Мықты редактор. Қарымды қаламгер. Біз сол кісінің құрметіне бірінші мәрте облыстық деңгейде турнир өткізіп тұрмыз. Болашақта бұл турнирді дәстүрлі түрде өткізуге тырысамыз, – деді.

Жүлделі орын алған қатысушыларға диплом және ақшалай сыйлықтар табысталатын болады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button