Білімнің құтты мекені

    «…Сыйластық пен шынайы достық мекені. Ғашықтардың ордасы. Адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін оқу орны». Бұл – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне студенттердің берген шынайы бағасы.

Адам өмірде мамандық таңдауда қателеспеуі керек дейді. Рас! Өмірлік жолың, несібең еткен еңбегіңе байланысты. Мектептен кейін ару қала – Алматыда асыл армандарымыздың бірінші баспалдағына аяқ бастық. Журналистика саласының талай тарландары мен таланттарын тәрбиелеген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдап, журналистика факультетінің 1-курс студенті атандық. Көпшіліктің арманына айналып, тек үздіктердің ғана бағына бұйыратын осындай беделді оқу орнының студенті атану қуанышпен қатар үлкен міндет жүктейтіні анық. Көкіректегі күпті болған жүректі университеттің білімді де білікті профессорлар құрамы, көпті көрген көреген доценттерінен сабақ алуды бастағанда орнына түсті. Ал, солардың ішінде А.Құрманбаеваны ерекше атап өткіміз келеді.

Әрине, әлемдегі алдыңғы қатарлы универсиеттердің қатарына енген оқу орнының студенті атану – үлкен бақыт! ҚазҰУ – әлемдік рейтингте бәсекеге қабілетті студенттерді тәрбиелеудегі заманауи білім ордасының бірі ретінде саналады. Толық жабдықталған Фараби кітапханасы жастардың білім алу мүмкіндіктерін арттыра түседі. Тарихи тұлға атындағы кітапханаға күнделікті келу білімге деген құлшынысымызды арттырып, ғылым әлемінің тұңғиығына тартып, болашақта білімді де, білікті маман боламыз деген сенімімізді арттыра бермек.

 Ж.ҚҰРЫШБЕКОВА,

Әл-Фараби атындағы     ҚазҰУ журналистика факультетінің  1-курс студенті.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.