Жаңалықтар

Білім беру жүйесі – басты назарда

   Кеше ҚР Үкіметінің жанындағы 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Айман ТҮКБАЕВАНЫҢ төрағалығымен Қарағанды облысындағы орта және мектепке дейінгі білім берудің жағдайы, сонымен қатар, одан әрі білім беру жүйесін дамыту шаралары туралы мәселе қаралды.

Қарағанды облыстық мәслихаты облыстық білім басқармасымен бірлесе дөңгелек үстел өткізуінің мақсаты – білім саласындағы жүйені жетілдіру, облыс педагогтарының біліктілігін арттыру, уақытша жұмыс топтарының нәтижесін саралау, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық жағдайды тұрақтандыру бойынша іс-шараларды қолға алу, білім берудегі робототехника заманауи инженерлік негізгі элементін іске асыру және кезекті VII сессияға дайындық болып табылды.

Дөңгелек үстелге облыстық мәслихат депутаттары, облыс басқарма басшылары, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық және аудандық мәслихат хатшылары, үкіметтік емес ұйымның өкілдері, мектептер мен балабақша директорлары онлайн жүйесі арқылы, барлығы 800-ден аса адам қатысты.

Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Асхат Аймағанбетов баяндамасында 2016 жылы бюджет есебінен 190 селолық мектеп электронды оқу жүйесімен қамтылғандығын, осы жылы толықтай аталмыш жүйеге енетіндігін атап өтті. Оның айтуынша, бейне-сабақтарға, электронды оқулықтарға, әдістемелік құралдарға облыстың 384 мектебі қол жеткізген екен. «Отбасындағы – бақытты балалық шақ» және «Асырап алушы ата-аналар мектебі» жобалары арқылы жетім балаларға отбасылық тәрбие беру ісі жалғасуда. Облыстық білім басқармасы білім саласындағы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық фактілерін болдырмау және оның алдын алу мақсатында нақты жұмыстар жүргізіп келеді.

Бұдан бөлек, баяндамашылардың есептері тыңдалып, дөңгелек үстел барысында бес мәселе көтеріліп, кей қалалардағы білім саласындағы кемшіліктер сөз болды.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button