Жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

БҮГІНГІ ТАҢДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БІРІ БОЛЫП ОТЫР. СОЛ СЕБЕПТІ, БҰЛ ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АРҚЫЛЫ ОҚУ-ТӘРБИЕЛІК ҮРДІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІН БІЛУ, ЖИНАҚТАҒАН ІС-ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІНДЕ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БЕРІЛЕТІН АҚПАРАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰЛШЫНЫСЫН АРТТЫРЫП, ӨЗДІГІНЕН ІЗДЕНУГЕ БАҒЫТ БЕРЕТІН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ЖАҢА ФОРМАЛАРЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ.

Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогика[1]лық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Инновацияның қажеттігі сыртқы себептермен де анықталады. Ол мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдық жаңалық бір ғана мақсатты көздейді. Олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруға қажет. Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты. Бүгінгі таңда жинақтаған тәжірибеме сүйене отырып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-әдістемелік жұмысыма бүгінгі күн талабынан шығатындай өзгерістер енгізу жолында ізденудемін. Сонымен, біз оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту үшін, оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру үшін не істеуіміз керек? Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика сабақтарында тарауды бекіту, қайталау, білімді тиянақтауда, оқушылардың компьютерді пайдалана отырып, өзіндік жұмысын тез және қарқынды ұйымдастыруға болады. Мысалы, қазақ тілінен көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой, керекті сөздерді қолданып сөйлем құра, өлеңді, әңгімені жалғастыр тапсырмаларын өз бетінше, бір-біріне бөгет жасамай орындауға тырысады. Мұндағы мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың қатесіз, сауатты жазуын қадағалау. Әдебиеттік оқу сабақтарында мәтін бөліктеріне ат қойғызу, сурет салғызуға, логикалық сипаттағы ойындарды пайдалану тиімді.

Баланың шығармашылық қабілетін ашып, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы – жағдай жасау. Оқушылар оқу әрекеті барысында жаңа техникаға жақын болып, оны пайдалана білуі керек. Бастауыш сынып оқушысының құлшынысы мен белсенділігі жоғары болғандықтан, пәндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етемін. «Неге?» «Неліктен?» деген проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушыларды ізденіске жетелеп, дәлелдетіп, өз ойын жинақтауға бағыттаймын. Оқушыны қорытынды жасауға өзгеше бір тың пікір айтуға жетелеу, ой қайшылығын тудырып, дұрыс ой қорытуға дағдыландыруға көп көңіл бөлемін. Математика сабақтарының бүкіл құрылымы проблемдік сипатта болғандықтан, оқушылардың есеп шығару кезінде кесте, өрнек бойынша есеп, кері есеп құрастыруда оқушылардың ой-өрісін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге машықтандырамын.

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, жалпылай алу, логикалық икемділіктер, салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәні оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатын мүмкіндіктер өте көп екендігіне тәжірибемде көз жеткіздім. Оқушылардың шығармашылық есептерді шығаруы мен оның мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекетке талпынысын туғызатынын байқадым. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі жағдайда дамитынына көзім жетті.

Қорыта келе, мынаны атап өткім келеді. Мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыруға жаңа көзқарас мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған, көкейкесті тақырып деп есептеймін. Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу ретін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отыра, өзінің кәсіптік шеберлігіне сай таңдауы тиіс деп санаймын. Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін шығармашылық тұрғыдағы ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасалуы керек. Қазіргі қоғам алдындағы міндеттердің ең өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңарту болып отырғанының куәсі болып отырмыз. Бастауыш сынып оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес екенін, оны шешу жолындағы басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ.

Мейрамгүл ӘМІРТАЕВА, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button