Биік белестерді бағындырамыз

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев даңғыл жолымызды тағы бір айқындай түсті. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолын.

Елбасының мақаласы шынымен де ой саларлық. Етек-жеңін жиған Мәңгілік Еліміздің мақсат-мұраты, таяу жылдардағы міндеттер кеңінен қамтылған.

Жас буынның тәрбиесі, білім беру саласындағы оң өзгерістер мақалаға өзек болған. Елін, жерін сүйетін, патриот ұрпақ тәрбиелеу – болашағымызды баянды етері сөзсіз. Міне, Мемлекет басшысы «Мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады» деген сенімін білдірді.

Бұдан бөлек, «100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. «Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс»,– деді Елбасы.

Біз уақыттың сынына төтеп береміз. Биік белестерді бағындырамыз!

Президент айтқандай, жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,

ҚХА мүшесі, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, білім меценаты.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.