Руханият

Би һақында – қос томдық

     Жұмыла көтерген жүк жеңіл.  Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығын мерекелеуге қатысты ұйымдастыру комитеті құрылып, түрлі бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте, аймағымыздағы басқармалар да өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруда. Соның бірі – облыстың тілдерді дамыту басқармасы. Бұл мекеме Қаздауысты Қазыбек би туралы 2 томдық кітап шығаруды жолға қойған.

кітап

Кітапты шығарудың негізгі мақсаты – қазақ халқының бірлігі мен мемлекеттілігін нығайтуға, ұлттық мәдениет пен  салт-дәстүрді дамытуға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға өлшеусіз үлес қосқан қазақтың ұлы биі, шешен, философ, қоғам және мемлекет қайраткері Қаздауысты Қазыбек бидің өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Мұндағы негізгі міндет – мұрағаттардан, кітапханалардан, баспасөз құралдарынан Қазыбек бидің өмірі мен шығармашылығы туралы құжаттар, материалдар жинау, талдау, сараптау. Сондай-ақ, ғалымдар, өлкетанушылар, тарихшылар, журналистер, әдебиетшілердің  еңбектерін ғылыми айналымға түсіру.

Республика деңгейінде атап өтілетін шараға бұл кітаптың да берері мол. Бүгінгі күнге дейін Қазыбек би туралы толымды еңбек болмағанын ескерсек, бұл қос томдық – Қазыбектану ғылымына қосылған елеулі үлес болмақ. Мұнымен қоса,  белгілі ғалымдардың бұған дейін жарияланбаған тың материалдары арқылы, біржақты бағаланып келген тарихымызға жаңаша көзқараспен қарауға септігін тигізеді. Нәтижесінде, Қазыбек бидің өмірі мен қызметіне шынайы баға беруге жол ашылады. Би бабаның өмір сүрген дәуірі мен өміріне және шығармашылық мұрасына қатысты деректерді бір жүйеге келтіруге мүмкіндік туады.

Сонымен, кітаптың 1-ші томында Қазыбек бидің өмірі мен шығармашылығына, қайраткерлік қызметіне қатысты материалдар, аңыз-әңгімелер, сондай-ақ, би һақындағы ақын-жыраулар шығармасы енгізілмек. Мұның барлығы – негізгі жеті бөлімге топтастырылуда.

2-ші томда тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевтың Қаздауысты Қазыбек бидің қазақ халқының бай рухани мұрасын және мәдени құндылықтарын қалыптастыруға, сақтауға үлес қосқан ерекше тұлға, мәмілегер, ірі мемлекет қайраткері ретіндегі ролін жан-жақты ашатын тарихи мағлұматтар берілмек.

Рауан ҚАБИДОЛДИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button