Жаңалықтар

БЕРЕРІ МОЛ БІРЛЕСКЕН ЖОБА

 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен германиялық «Linde» компаниясы ірі жобаны жүзеге асыруға бел буды.

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға сапары барысында өткен Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің отырысында ірі қазақстандық және неміс кәсіпорындарының арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Бұл қатарда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да бар. Алып компания мен немістің «Linde» компаниясы өнеркәсіптік газдар мен инжиниринг саласындағы жетекші әлемдік қызметтерді жеткізуші, ауаны бөлу блогының (АББ) құрылысы бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойды.

Ауаны бөлу блогы оттегі, азот және аргонды өндіруге арналған. Олар қара металлургияда шойын, болат және металпрокат өндіру кезінде пайдаланылады. Агрегатты пайдалануға енгізу 2019 жылдың қараша айына жоспарланып отыр.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Парамжит КАЛОН:

«Linde» компаниясымен біз көптеген жылдар бойы қызмет етудеміз. 2012 жылы біз алғашқы бірлескен жобаны іске қостық. Ол – №1 ауаны бөлу блогы.

Жобаны іске асыру жабдықтың жұмыс істеу кезінде істен шығуын азайтуға, барлық металлургиялық циклдың сенімділігін арттыруға және техникалық газдардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік берді. Біздің өзара тиімді және жемісті ынтымақтастығымыз әлі көп жылдарға созылады деп үміттенемін».

 

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button