Жаңалықтар

Белгілі өлкетанушы Юрий Попов 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

Юрий Григорьевич Попов 1937 жылы 27 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Сурет: марқұмның жеке мұрағатынан

Ол ұзақ жылдар бойы Орталық Қазақстан мен оның әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихын зерттеп, Арқа шежіресінің “алтын қорын” жасады. Өлкедегі елді мекендердің, қаланың пайда болу тарихын, көмір өндірісінің жылнамасын жазып, алғашқы шахтерлер, геологтар, гидрогеологтар жайлы және тағы да басқа танымал тұлғалар туралы деректер галареясын қалыптастырды.

Тарихшының тынымсыз ізденісінің арқасында жүйеленген деректердің көбі кезінде республикалық басылымдардағы жүздеген мақалаларға негіз болған. Өлке тарихына қатысты көптеген құнды материалдары кітап болып басылып шықты. Әсіресе, қасиетті Қарқаралы жайлы, оның табиғаты мен тарихи тұлғаларары, кен орындары,  Арқа төсінде сексен жыл бойы дүркіреген Қоянды жәрмеңкесі туралы жазбалары ғылыми ортаның олжасына айналды. Юрий Поповтың «Каркаралинские узоры», «Каркаралинские  находки», «Свидание с Сары-Аркой», «Их помнит Сары-Арка» және басқа да тарихи-танымдық кітаптары жарық көрген. Сондай-ақ, ол –  Қазақстан туралы жеті кітаптың және он жеті деректі фильм сценарийінің авторы.

Өлкетанушының зерттеу саласындағы ілкімді ізденісі мен елеулі еңбегі лайықты бағасын алып, Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы атанды. Көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Юрий Григорьевич Поповтың отандық ғылым мен өлкетану салсын дамытудағы ерен еңбегі, азаматтық тұлғасы мен жарқын бейнесі оны құрмет тұтатын жерлестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

«Saryarqa Aqparat» ЖШС ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button