Спорт

Бекзат Алдамжаров жарыс жолынан шығып қалды

Болгарияның София қаласында кешелі бері өтіп жатқан халықаралық Странджа кубогы үшін турнирде еліміздің 5 боксшысы 1/8 финалға шықты, деп хабарлайды Оrtalyq.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

54 келідегі Бекзат Алдамжаров жалғыз өзі жарыстан тыс қалды. Ал, бұған дейін жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының 5 боксшысы шаршы алаңға шыққан. Солардың екеуі – күндізгі, үшеуі кешкі сессияда қолғап түйістірді.

Күндізгі айқастарды бірінші болып рингке көтерілген 57 келіге дейінгі салмақтағы Оразбек Асылқұлов бастады. Ол ирландиялық Джуд Галлахермен кездесті. Жекпе-жек қазақ боксшының басымдығымен аяқталды. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Асылқұловқа берді.

Бірінші раунда қазылар басымдықты ирланд жігітке берген еді. Содан кейін барын салған Оразбек ақыры жеңіс тұғырынан көрінді. 

Келесі спортшымыз – 63,5 келіге дейінгі салмақтағы Ертуған Зейнуллинов испан Конде Ойера Ибареччемен қолғап түйістірді. Қорытындыда отандасымыз жеңіске жетті. Енді оның 1/8 финалдағы қарсыласы грузин Лаши Гагнидзені ұтқан өзбек Мужибулло Турсунов болғалы тұр. Бұл кездесу бүгін болады.

Кеше ел құрамасынан 1/16 финалда кешкі сессияда 3 былғары қолғап шебері шаршы алаңға шықты. Олардың қатарында Тезек Темірхан (67 кг) болгариялық Пламен Янковты 4:1, 86 келі салмақтағы Бекзат Таңатаров үндістандық Картикті 5:0 есебімен жеңіп, жарыстың келесі сатысына шықты.

Ал 54 келіде Бекзат Нұрдәулетов франциялық Биллал Беннамаға 0:5 есебімен есе жіберіп, жарыстан тыс қалды.

Бүған дейін 20 ақпанда Ерасыл Таңқай (60 кг) италиялық Даниэле Салерноны тізе бүктірді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button