Қарағанды

БЕЙБІТШІЛІК МЕКЕНІ

    Қарағандыдағы «Достық үйінде» «Қазақ­стан – бейбітшілік пен келісім аймағы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ғылыми шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, өңірлік университеттер мен колледждердің оқытушылары және студенттері, сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Алқалы жиында Қарағанды мемлекеттік университетінің «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрсахан Бейсенбекова Қазақстан халқы достығының үлгісіне тоқталса, тарих ғылымдарының докторы, профессор Валерия Козина «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын тереңнен түсіндіріп, тарихи негіздерін атап берді.

Мәжіліс талқылауынан кейін конференция жұмыстары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты құндылықтары», «Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу және этносаралық келісімді нығайту» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен келісімнің бірегей институты» атты секциялар бойынша жалғасын тапты. Ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынастардағы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген мәселелер қарастырылды. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде жүргізілген конференцияда Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің ІІ курс студенті Раджат Сингх қазақ елінің ерекшеліктерін қамтыған баяндамасын оқыды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button