Жаңалықтар

Бейбіт күннің бесігі

      Қазақстан халқы Ассамблеясының Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін таныстыруға арналған «Бейбітшілік және келісім энергиясы» атты форумы өті. «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА қатысты.

Алқалы жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Мыңбай, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, «ЭКСПО – 2017» көрмесіне келген шетелдік қонақтар, ғылыми және зиялы қауым өкілдері, халықтық қолданбалы өнер шеберлері қатысты.

Іс-шаралар Ұлттық музейде бастау алды. Онда «ЭКСПО – 2017» көрмесі өткізілетін кезеңде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі жан-жақты таныстырылады.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі көп этносты қоғамның интеграциялануына қатысты салмақты саясаттың жалпыға танылған эталоны болғанын атап өтті.

Еліміздің Конституциясы нәсілдік, ұлттық, діни және әлеуметтік ерекшелігіне қарамастан, барлық азаматтар құқықтарының теңдігіне кепілдік береді және қорғайды, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос пен 18 конфессия өкілдері бейбіт әрі тату өмір сүруде екенін айтты.

Сондай-ақ, іс-шара қонақтары бұқаралық ақпарат құралдарының этно-мәдени бірлестіктер туралы арнаулы көрмесімен, халықтық қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының жәрмеңкесімен, «Киіз үй – Елдің отауы» концепт-модулімен, қазақтың ұлттық тағамдары жөніндегі шеберлік сабақтарымен танысты.

Бұдан бөлек, Гүлшара Әбдіқалықова мен форумға қатысушылар «ЭКСПО» саябағы аумағында орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының Бейбітшілік пен келісім аллеясының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Қуаныш Аманқұлов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button