Жаңалықтар

Бейбіт күннің батыры

      Ұлттық Ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қайрат ҮМБЕТОВТІ жұрт жете таниды. Қайрат – «Халық қаһарманы» атағын алып, айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерімен марапатталған ел мақтанышы.

Біз айтып өткен атақ пен дәрежеге Қайрат Жарылқасынұлы  оңай жеткен жоқ. Ол өзінің өмірін қатерге тігіп, жас сарбазды ажалдан алып қалды һәм адал еңбегі, ақыл-парасаты, қайсарлығы, өр мінезі арқасында жетті.

Елдің есінде болар, 2016 жылдың 7 сәуірінде Қарабас кентіндегі оқу-жаттығу алаңында жауынгер гранатаны алысқа лақтыра алмай, жарылғыш зат окоп шетіне түсіп, жарылған. Сарбазға қауіп төнгенін  байқаған полковник Қ.Үмбетов оны кеудесімен қалқалап, 19 жасар сарбаздың өмірін сақтап қалды. «РГД-5» гранатасын кеудесімен басқанда сауытының сау тамдығы қалмаған. Қос сақшы да жарақат алды. Бірақ, жарық жалғанды көруді маңдайларына жазған екен. Десек те, мұндай уақытта дереу шешім қабылдау көзсіз ерлік пен нағыз қайсарлық екені анық.

Қазақстанның Халық хаһарманы, ҚР ҰҰ 6505 әскери бөлімі штабының бастығы, Қайрат ҮМБЕТОВ:

– Бұл оқиға оқу – жаттығу жиындары кезінде болды. Жас сарбаз қобалжығаннан гранатаны алыс қашықтыққа лақтыра алмай, жақын жерге түсіріп алды. Мұның бәрі менің көз алдымда болды. Мен бірден оны кеудемнен, сарбаздың денесін жарылғыштан қалқалап қалдым. Менің орынымда кез келген адам осындай батыл әрекетке барар еді.

Бейбіт күннің батыры – қызметін абыроймен адал атқарып жүрген ержүрек офицер ғана емес, сүйікті жар, қамқор әке. Бүгінде өз қызметінің қыры мен сырын жас сарбаздарға үйретіп келеді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button