Жаңалықтар

Батырды жауда сына

       Республиканың аймақтарынан жиналған үIMG_0280здік оқ атушы Ұлттық Ұлан сарбаздары Қарабас елді мекеніндегі 5451 әскери бөлімінде ұйымдастырылған XV республикалық спартакиадада бақ сынады. Сайысқа бұған дейін республикалық сайыстарда екі, үш мәрте жеңіс тұғырынан көрінген мерген жауынгерлер қатысты.

Құқықтық тәртіп әскерінің құрылғанына және Қазақстан полициясына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған сайыс барысында 200-ден астам командалар арасынан іріктелген 24-ке жуық сарбаз күш сынады. Жауынгерлер спартакиада өткен үш күн бойы өз арасында оқ атудан мергенді анықтады. Жарыс бағдарламасына енгізілген спорттық  жаттығулардың бірі – Макаров тапаншасы ПМ-1 және МП-3, Калашников АК-2, АК-3, сондай-ақ, әскери нарядтың жауынгерлік ату құрамы бойынша сайысқа түсті.

Әскерилердің ҚР Қарулы Күштері қатарындағы қызмет мәртебесін көтеруге, спорттық шеберлігімен қатар, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған сайысқа Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының дене дайындығы және спорт бойынша басшысы, полковник Жанболат Ахметов төрелік етті. Полковниктің айтуынша, бұған дейін сарбаздар қоян-қолтық ұрыстан, Президенттік көпсайыстан ашық біріншіліктерге қатысқан. Сондықтан, аталмыш спартакиадаға «Орталық» өңірлік қолбасшылығы (Қарағанды қаласы) және «Батыс» (Орал қаласы), «Оңтүстік» (Алматы қаласы), «Шығыс» (Өскемен қаласы), Ұлттық Ұланның әскери институты (Петропавл қаласы), Астана қалалық 5573 әскери бөлімінің сарбаздары жиналды. Құрама командалар бойынша І орынды – «Шығыс өңірлік қолбасшылығы» командасы,  ІІ орынды – «Батыс» өңірлік қолбасшылығы құрама командасы, ІІІ орынды – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы командасы иеленді.

Жалпы, сарбаздар арасындағы сайыстар тартысты өтті. Оқ ату сайыстарының әскерилер арасындағы құқықтық тәртіпті сақтайтын олимпиадалық ойындар түріне жататынын ескерген жауынгерлер ішкі тәртіпті қадағалаудағы жауынгерлік әдістерін көрсете білді. Сынақтарда спортшылар жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, спорттық разрядтар бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

Атап айтсақ, ПМ-1 жаттығуы бойынша ҚР Ұлттық Ұланының Әскери институтының курсанты Нұрбол Төлегенов,  ПМ-3 жаттығу бойынша «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6637 әскери бөлімінің сержанты Азамат Ержанов жарысқа жоғары дайындықпен келгенін көрсетіп, үздік атанды.  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 5518 әскери бөлімінің аға сержанты Александр Рыжков –  АК-2 – жаттығуы бойынша жеңімпаз атанса, “Орталық” өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімшесінің қатардағы жауынгері Мәди Мұқанов АК-3 – жаттығуында үздік деп танылды. Жауынгерлер жеңіс кубоктарымен марапатталды.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button