БАСҚАРМАДА – ЖАҢА БАСШЫ

Облыс әкімінің өкімімен Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Әскербек ХАЛТОНОВ тағайындалды.

Әскербек Ибрагимұлы 1980 жылы 9 мамырда бұрынғы Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Үш жоғары білімі бар.

2002 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, инженер-механик біліктілігі бойынша бітірген. 2005 жылы, 2010 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, заңгер және экономика және бизнес бакалавры біліктілігі бойынша оқып, бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Қарағанды Жолдары» АҚ құрылыс-жөндеу басқармасының жол жұмысшысынан бастап, содан соң шебер, бас инженер,  бастықтың орынбасары қызметін атқарған.

2005 жылы Автомобиль жолдарының инфрақұрылымдық  даму комитетінің Қарағанды облыстық департаменті  сапаны бақылау бөлімінің жетекші маманы болып, өндіру және жұмыстарды қабылдау, пайдалану және қауіпсіздік қозғалысы бөлімдерінде бас маман болып істеген.

2006 жылдың шілде айынан бастап 2010 жылдың мамыр айына дейін ауысу тәртібі бойынша Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасарының бас консультант-маманы болып тағайындалған.

2010 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың желтоқсан айына дейін Қарағанды облысы әкімі аппаратының құрылыс, байланыс және жол-көлік инфрақұрылымдық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2011 жылдың желтоқсан айынан бері Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

2017 жылдың шілдесінен бастап Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып қызметке кірісті.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.