Қарағанды

«Балбөбектегі» жұлдызды күн

    Халқымыз өткеннен қалған тарихи өнеге арқылы кішкентай бүлдіршіндердің патриоттық сезімін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатты негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қарағанды қаласы «Балбөбек» балабақшасының ұжымында балабақшаның директоры Айгүл Китанованың басшылығымен Тәуелсіздікке арналған 25 тақырыптық жұлдызды күн іс-шаралар жоспары бекітілді. Атап айтсақ, «Мәңгілік елдің» түйінді құндылықтары – бейбітшілік пен келісімге арналған «Ата Заңым – ардағым» тақырыбында ересек топ балаларымен, ал ортаңғы топ балаларымен «Ту. Елтаңба. Гимн» тақырыбында танымдық оқу өткізілді. Мемлекетіміздің мызғымас тірегі, отбасының дәстүрлі құндылықтарын насихаттауға арналған «Әке, ана және мен – салауатты отбасы» атты ата-аналар арасында спорттық ойын-жарыстар өткізілді. Ата-аналар жарысқа белсене қатысып, балабақша атынан дипломмен марапатталды. Тәуелсіз елдің басты нышаны және болашаққа деген үміт пен сенімді білдіретін Астанаға арналған «Астана – ару қала», «Жаса, менің Қазақстаным» тақырыбында балалар көрмесі өткізіліп, көрмеде суреттермен қатар ата-ана мен балалары бірлесе дайындаған қолдан жасалған бұйымдар да болды. Сонымен қатар «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» атты қалалық байқау өткізілді. Аталған шараға Қарағанды қаласы Октябрь ауданында орналасқан барлық мектепке дейінгі мекемелердегі бүлдіршіндер қатысты. Жеңімпаздардың ішінде біздің балабақшаның бүлдіршіндері де бар. Барша кішкентай бүлдіршіндер Отанымыздың патриоты атанып, биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

Элмира ӘДІЛОВА,

«Балбөбек»

балабақшасы орыс тілі пәнінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button