Жаңалықтар

БАЛАЛАРҒА – ЛАЙЫҚТЫ ДЕМАЛЫС

       Биылғы жазда 2 мыңға жуық бала бюджет есебінен «Салют» сауықтыру орталығында демалады. Ол үшін 43 миллион 485 мың теңге бөлінген.

«Салют» лагерінде 12 күндік екінші маусым аяқталды. Осы аралықта мұнда 841 бала тегін демалды. 15 тамызға дейін әлі екі маусым бар.

Қарағанды қаласы білім бөлімінің мәлімдеуінше, биылғы жазда қала сыртындағы лагерлерде бюджет және ата-аналардың қаржысы есебінен барлығы 19 мыңнан астам қарағандылық балалар демала алады.

Тағы 50 мыңға жуық бала мектепішілік лагерьлерде демалуда. Егер, мектепте жөндеу жұмыстары жүріп жатса, онда оқушылар жақын маңдағы мектептердің лагерлеріне бара алады.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button