Басты тақырып

Балабақша – базарлы үй

00
“Буторин” жеке кәсіпкерлігі Октябрь ауданында 75 балаға арналған «Ақ бала» жекеменшік балабақшасын ашты. «Аймақта мектепке дейінгі білім беру ұйымының тапшылығы байқалғандықтан, балабақша бесқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатына орналасты» деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Олардың айтуынша, облыстың білім деңгейін арттыруда оқушылардың мектепке дейінгі дайындық жұмыстарын дамыту үшін ұйымдастырылатын шаралар аз емес. Мысалы, «Ақ бала» жекеменшік балабақшасы заманауи медициналық құралдармен, азық-түлік блоктарымен жабдықталған. Кешенде қазіргі заманғы жоспарлауға сай топтық үй-жайлар қарастырылған. Балалар алаңы талаптарға сай қоршалып, өрт қауіпсіздігінен сақтандыру шаралары ескерілген. Қажетті материалдық база балаларды оқытуға, тәрбиелеуге бағытталмақ.

Жалпы, жобаны іске асыруға және жөндеу жұмыстарына – 16 млн. теңге қарастырылып, ғимаратты сатып алуға – 15,2 млн. теңге жұмсалған. Кәсіпкер мемлекеттік тапсырыс негізіндегі өтінішті облыстық білім басқармасына жолдаған.

Тұсауы кесілген балабақшаның «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына енгенін атап өткен жөн. Кәсіпкердің сөзіне сүйенсек, жекеменшік балабақша ашу үшін жергілікті атқарушы органдарға ұзақ мерзімді жалға немесе жекеменшікке жер учаскесінің құрылысы үшін 320 орындыққа негізделген балабақша салуға өтініш берген.

Осы мақсатта облыстық білім басқармасы тарапынан 2 жоба не­гізінде балабақша құрылысы бойынша 320 орынға арналған балабақша ашу және тұрғын үйдің бірінші қабатынан 100 орынға балабақша ашу жоспарланған.

Сондай-ақ, білім басқармасы инвестиция тарту бойынша әлеуметтік бейнеороликтерді LED-экрандарда, БАҚ-та, әлеуметтік желіде жариялады. Қабылданған шаралар нәтижесі оң серпін беріп, жыл сайын жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны өсуде. Өткен жылдары 2 балабақша болса, соңғы екі жылда Қарағанды облысында 9 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ашылған.

Айта кеткен жөн, қазіргі таңда облыс төңірегінде 35 мың бүлдіршін балабақша кезегін күтіп тұр. Балабақша ашуға ниет еткен 45 кәсіпкердің 10-ы жекеменшік балабақша құрылысының жұмысын жүзеге асырумен айналысуда.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button