БалқашАймақ

Балқашта қоғамдық көлік тегін

Бүгін Балқаш қаласында Құрылтай сайлауына орай қоғамдық көліктер тұрғындарға тегін қызмет көрсетуде. Қала ішіндегі барлық бағыт бойынша қатынайтын автобустарда жол жүру ақысыз.

Сурет автордан

Бұл игі бастама тұрғындардың Құрылтай учаскесіне еркін әрі кедергісіз жетуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған. Балқаш қаласының әкімдігі көлік компаниясымен келісімге келіп, сайлау күні қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз етті.
Қала әкімі Саян Мұратұлының айтуынша, өз учаскелеріне жету мәселесі бойынша хабарласқан қарт адамдарға да ерекше қолдау көрсетіледі. Еріктілердің көмегімен оларға арнайы автокөлік жіберіледі.

– Тасымалдаушылар тарапынан халыққа әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл сайлаушылардың азаматтық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді, – дейді шаһар басшысы Тегін қоғамдық көлік пен еріктілер көмегі әсіресе, қарттар мен қозғалысы қиын азаматтардың Құрылтай учаскелеріне жетуіне мүмкіндік жасап отыр.

Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»

БАЛҚАШ

Автор: Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button