АймақБұқар жырау

Баймырзалықтар баспаналы болды

Жаңа жыл қарсаңында Бұқар жырау ауданының Баймырза аулында 4 көпбалалы отбасы баспаналы болды.

Оларға пәтер кілттерін аудандық тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Айнагүл Искакова салтанатты түрде тапсырып, Баймырза ауылдық округінің әкімі Әсел Жүнісова жаңа қоныс иелерін құттықтады.

  Биыл осы ауданда республикалық «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында 6 ауылда 40 пәтерді жеке меншік құрылыс компаниялары салып, олардан аудандық әкімдік сатып алып, кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы жандарға беруі тиіс еді. Осының алдында Үміткер, Ақбел ауылдарында осы санаттағы тұрғындар қонысмайларын жасаса, осы тойлау кезегі баймырзалықтарға тиді.

Екі пәтерден тұратын бұл үйлердің сырты қоршалып, ауласы асфальтталып, сантехникалық тораптары мен  электр желілері орнатылып, тартылып, сыртта жеке отын қорасы сайланған. Қазір бұл үйлерге суық су тоқтамай келіп тұрса, оны жылытып, ысытатын электр қыздырғышы да орнатылған. Отты сырттағы қазандықта жағып, үйді құбыр арқылы жылытқаны ғана болмаса, әрқайсысы 80  шаршы метрлік бұл пәтерлерде өмір сүру мен тұрмысқа қолайлы жағдайдың бәрі бар.

Ержан ИМАШ,

Бұқар жырау ауданы

Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button