Жаңалықтар

Байланыста – ҚЫРЫҚ жыл

      Келе жатқан Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай, байланыс саласының ардагері және өз ісінің кәсіпқойы Сергей Остюков туралы айтып бергіміз келеді.

Сергей Николаевич Остюковтың мамандығы – кәбілші-дәнекерлеуші. Бұл кәбіл зақымдануларын жою және кәбіл желілерін жөндеуді қамтамасыз ететін, бір сөзбен айтқанда, телекоммуникация желілеріне қызмет көрсететін адам.

Остюков_ОрталыкСергей Николаевич өзінің еңбек ісін байланыс саласында 1973-ші жылы Қарағанды қалалық байланыс торабында бастады. Ол кезде Сергей Остюков қалалық телекоммуникациондық станциясында электромонтер болып істеді. 1984 жылы Сергей Николаевичті Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясының жергілікті желілерге техникалық қызмет көрсету №3 учаскесіне кәбілші-дәнекерлеуші мамандығына ауыстырады. Осында Сергей Николаевич қазірдің өзінде 45 жыл бойы жұмыс істеп жүр. Өз ісіне жоғары жауапкершілікпен қарайды, өйткені оның жұмыс жолында, көп нәрсені үйреткен, білікті Иван Бехер, Александр Ненашев, Александр Бехер секілді тәлімгерлер мен әріптестер кездесті. Байланысшының айтуынша, жұмыс барысында әр түрлі жағдайлар болған: «Есімде, 1998 жылы АТС 74/75  коллекторында  өрт болды, барлық кәбілдер жанып кетіп, біздің бригадамызды жөндеу жұмыстарына жіберді. Біз, құрамында 10 адам, таңертең сенбі күні коллектор ішіне кіріп, жексенбі күні бірақ шықтық. Біздің жұмысымызда ұжым ұйымшыл болғаны өте маңызды, сонда барлық жұмысты шапшаң орындап, оны қуанышпен атқарасың», – деп Сергей Николаевич бөлісті.

Сергей Николаевич ондық-қадамдық АТС-терін ауысуларына: 2007 жылы – АТС75, 2009 жылдан 2012 жылға дейінгі – АТС 73/74, және 2016 жылдағы – АТС 72 ауысуларына қатысты. Еңбек өтілі айтарлықтай байланысшы жөнінде басшылығы жақсы пікірде, ол әрқашан жұмыс барысында сенімді адам ретінде қабылданады: «Сергей Николаевич біздің ұжымымызда көптен жұмыс істейді. Оның еңбек өтілі өте үлкен. Жаңа қызметкерлер мен әріптестеріне әрқашан көмектесіп  отырады. Бұл адамға әрдайым сенуге болады, ол бастамашыл. Ешқашан жұмыс барысында болатын кедергілерден қорықпай, алдында тұған қиындықтарды шешу жолдарын іздеп, ұсынады», – дейді Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясының жергілікті желілерге техникалық қызмет көрсету орталығының №3 кәбіл учаскесінің бастығы Евгений Никифоров.

Өз ісінің кәсіпқойы, Сергей Николаевич жан-жақты адам. Оның өмірінде басты орында, әрине, отбасы. 1993 жылы жұбайы Вера Карпенкомен үйлену тойын тойлады. Содан бері Сергей Николаевич жұбайымен бірге саңырауқұлақ жинауды, табиғатта демалуды ерекше жақсы көреді. Остюковтың сүйікті істерінің бірі – балық аулау мен кітап оқу. Ол көркем әдебиетті таңдайды,   А.Бондаренко, Ч.Айтматов,          Ч.Абдуллаев секілді авторларды аса қызығушылықпен оқиды.

С.Остюков кәбілші-дәнекерлеуші жұмысында өзін өте тәжірибелі, кәсіби маман ретінде көрсете білді. 2016 жылы Сергей НиколаевичтІ Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясының Алғыс хатымен марапаттады. Сергей Николаевич – кәбіл учаскесінің сапасын жақсарту үшін үлкен жұмыс атқаратын сауатты қызметкер. Жыл сайын №3 кәбіл учаскесі бойынша ағымдағы және күрделі жөндеулерден сапалы көрсеткіштерге жетеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button