«Бақыт деген – сенің бала күндерің»

Жылда 1 маусым – Балаларды қорғаудың Халықаралық күнін асыға күтіп жүремін. Өйткені, бұл мереке жаз айының алғашқы күніне дәл келеді. Сабақ та аяқталады. Ата-аналар балаларын бақытқа бөлеп, түрлі сыйлықтар тарту етеді. Сондай-ақ, әлем халықтары 20 қараша күні Халықаралық нәрестелер күнін, 16 маусым күні Африкада балаларды қорғау күнін мерекелейді. Сондықтан, бұл мереке – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентайлардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға шақырады. Қоғамдағы кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. Себебі, әр бала – бақытқа лайық. Барлық балақайларды Балалар күнімен құттықтай отырып:

Келді ғой 1 – маусым,

Мәз болған шығады даусым.

Бақытты баламыз біздер,

Жарқырап, күн нұры жаусын!, – дегім келеді.

Ақбота ӘБДУОВА,

1 қазақ орта мектебінің 4-сынып оқушысы.

ОСАКАРОВ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.