Рухани жаңғыру

Бағдар – елдік мүдде

    Елбасы тапсырмасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын облыста жүзеге асыруға 2022 жылға дейін 12,3 млрд. теңге жұмсалмақ. Яғни, бұл бағытта облыс бойынша 430 жоба ұйымдастырылады.

Бағдарлама аясында жоспарланған шаралар ауқымы бойынша Қарағанды облысы ел көлемінде көш бастап тұр. Жобалар саны бойынша алғашқы орында. Биыл орындалуы тиіс 238 жоба қарастырылуда. Бұлардың құны – 4,7 млрд. теңге. Қаржыландыру жолдары түрлі көздерден жүргізілмек.

Былтыр бағдарлама аясында құны 2,3 млрд. теңге болатын 169 жоба ұйымдастырылды. Бұл соманың басым бөлігі, яғни, 1,8 млрд. теңгесі бизнес құрылымдарының еншісіне тиді.

Бұлардың арасында аса ауқымды жобаларды ерекше атап өтуге болады. Мәселен,  қазақтың біртуар тұлғасы Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына арналған «Қаздауысты Қазыбек би жолымен: Бабаларға тағзым» атты халықаралық автокеруені, «Шеберлер қалашығы – Город мастеров» шеберлер арт-фестивалі жұртшылықтың ризашылығына ие болды.

Сондай-ақ, Қарқаралыда жас туристер стан­ция­сы жұмысын бастады.

Бұл, әрине, құрғақ есеп үшін атқарылып жат­қан жұмыс емес екені аян. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы барымызды баянды етіп, жоғымызды түгендеуге жол ашылуда. Сондықтан, ұйымдастырушылар да әр шараны ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді қолдануға барынша көңіл бөлуде. Және бағдарлама шеңберінде жобалар төрт бағыт бойынша тарқатылады.

Мұнда «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Ру­хани қазына», «Ақпарат толқыны» бағыттары қамтылған. Бағыттар бойынша Қарағанды қа­ла­сында балалар туризмін дамыту орталығы ашылып, Балқаш қаласында мүгедектерге көліктік көмек қызметі құрылмақ. Бұдан бөлек, облыстың танымал спортшыларының басын қосқан «Туған жер» спорттық керуенін ұйымдастыру, археология­лық карта басу, «Қарағандының театралды музыкалық түндері» халықаралық фестивалін өткізу және тағы да басқа ауыз толтырып айтарлықтай жобалар бар.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button