Жаңалықтар

Бүлдіршіндер шаттығы

     12Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Волковское ауылында Матвеюктер отбасы өз қаражатына балалар алаңын қажетті құрылғылармен жабдықтады. Жаңартылған алаң Балаларды қорғаудың халықаралық күнінде ашылды. Енді, жергілікті балалардың жазғы демалысын қызықты өткізуге мүмкіндік мол.

Алаңда әткеншек, сырғанақ, құммен ойнау аймағы мен спорттық құрылғылар бар. Бұл – өңірдегі шаруа қожалығының басшысы Александр Матвеюктің сыйы. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге туыстары мен ауылдастары көмектескен.

Бұған дейін балалардың ойнайтын жері болмаған-ды. Әрине, барлығы қатты қуанды. Александрдың жұбайы Надежда Матвеюк те – кәсіпкер. Оның дүкені бар. Ауылдастары қолдан келгенше көмек көрсетті, олар әткеншектер мен спорт жабдықтарын орнатып, оларды бояды. Балалар алаңы 1 маусымда ашылды. Бұл күн Волковское ауылы үшін үлкен мереке болды, – деді Қаражал ауылдық округінің әкімі Сымбат Кенжекеев.

Волковское ауылында 188 адам тұрады, олардың елуден астамы – балалар.

Біздің ауылдық округке мұндай сыйлықтар алғаш рет жасалып отырған жоқ. Өткен жылы Қаражал ауылында екі балалар алаңы ашылды. Оларды да кәсіпкерлер – Бақытжан Жұмабекова мен Саламатин және Кеплинг отбасылары сыйлады. Біз осындай ауылдастарымыздың барына қуанамыз және оларға алғыс білдіреміз. Біз оларға Алғыс хаттарын табыстадық. Мұндай істер осымен тоқтамай, ары қарай жалғасын табады деген үміттеміз, – деді ауыл әкімі.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Елбасы жетістікке жеткен азаматтарға өздерінің туған жерлерін ұмытпауға кеңес беріп, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды ұсынды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button