Жаңалықтар
423 500 адам онлайн режимде халық санағынан өтті
Қарағанды облысында 1 қазан сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 423 500 адам онлайн режимде халық санағынан өтті.
Қарағанды облысында 1 қазан сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 423 500 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті. Облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 30,8%-ды құрайды.
Облыс аймақтары бойынша Ұлытау ауданы көшбасшы. Онда 49,9% халық интернет-сауалнамадан өтті. Сонымен қатар, жоғарғы пайыз Нұра ауданында (44,4%) және Приозер (42,4%) қаласында қамтамсыз етілген.
Ең төмен қамтылу Қаражал және Қарағанды қалаларында белгіленді, онда халықтың сәйкесінше 28,6% және 27%-ы онлайн санақтан өткен.