Спорт
Азия ойындары: Бүгін Қазақстан құрамасынан екі боксшы «алтынға» таласады
Бүгін, 5 қазанда Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Ұлттық құрамадан екі боксшы алтын медаль үшін жұдырықтасады.
Астана уақытымен сағат 17:00-де Карина Ибрагимова шаршы алаңға шығады. Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтағы ақтық сында тайваньдық Тинг Ю Линмен кездеседі.
Сағат 19:15-те ерлер арасында аса ауыр салмақтағы жекпе-жек өтеді. 92 келіден жоғары салмақтағы финалдық кездесуде Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысы Баходир Жалоловпен жұдырықтасады. Ел спортшылары қатысатын екі финалдық жекпе-жектің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz