Аймақ

Азаматтық жауапкершіліктің көрінісі

Бүгінгі сайлауға қатысу мен үшін – ең алдымен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Сайлауға қатысу – жай ғана бюллетеньге белгі қою емес, бұл – өзіңнің азаматтық құқығыңды пайдаланып, еліміздің болашағын қандай бағытта дамытуды білдіру мүмкіндігі.

Суретті түсірген автор

Депутаттардың қоғаммен тұрақты диалог орнатуы маңызды. Қолдауға мұқтаж жандарды да тыңдай білуі қажет.

Меніңше, Құрылтайдың жаңа құрамы әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау, қолжетімді орта қалыптастыру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және әрбір азаматқа тең мүмкіндік жасау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Сонымен қатар, қабылданған шешімдермен ғана шектелмей, олардың іс жүзінде орындалуын бақылау – міндетті.

Мен үшін сайлауға қатысу – елдің болашағына өз үлесімді қосудың маңызды мүмкіндігі. Мықты мемлекет әрбір азаматтың белсенді ұстанымынан басталады деп сенемін. 

Нияз СҮНДЕТАЛИЕВ
Қарағанды облысы әкімінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, «Qamqor plus» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button