Азаматтық істерді қарау ашықтықты талап етеді
Жер қатынастарын реттейтін заңнама мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциясына, Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес негізделеді. Бұл дауларды қарауда сот Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысын қолданады. Жер дауларының қиындығы оларды қараудағы арнайы құжаттарды зерттеу, жер қатынастарының нақты пайда болғандығында туындайды.
Жер қатынастары, жер ресурстарын басқаруға, жер телімдерінің жеке субъектілермен бекітілуіне, жерге жекеменшік құқықтарын және басқа да құқықтарды жүзеге асыруға байланысты жерді қолдану және қорғау мәселелері түсіндіріледі.
Жер телімдері құқықтары туралы талап-арызды қарауда сот оның орналасқан жері және шекарасы, жерге құқық белгілеуші құжаттарды тексереді. Оларға – жер теліміне деген құқықты ұсыну туралы әкімдердің құқықтық актілері, сатып алу-сату келісімі және жер теліміне жекеменшік құқығын тану және басқа да құқықтарды тану жатады.
Жер даулары құрылымында жерді өз еркімен иеленген және өз еркімен салынған құрылыстарды бұзу даулары ерекше орын алады. Өз бетімен құрылыс салуға – заңмен белгіленген тәртіпке жатпайтын тұрғын үй, басқа да құрылыстар, бөгет салу немесе басқа да тұрғызылған жылжымайтын мүліктер жатады.
Жеке мүлік құқығы туралы даулардың пайда болуын шешуде, бір жер теліміне екі немесе одан да көп жер пайдаланушылар, сонымен қатар, жер телімдері шекараларының бұзылуы қарастырылады. ҚР ЖК 43 бабына сәйкес, егер, атқарушы органның шешімінде қарастырылмаған жағдайда, шекарасын белгілеуге дейін, жер телімін қолдану және жер ресурстарын басқарушы өкілетті органның жер телімін пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарын беруіне жол берілмейді. Бұл талаптардың сақталмауы жер телімін өз бетімен пайдалану болып саналады.
Тұлғаның жер теліміне мемлекеттік актіні алуына дейін, атқарушы орган жер теліміне құқықты ұсыну туралы шешімнің күшін жоятын жағдайлар да болады. Жер пайдаланушы көрсетілген құжаттарды алу уақытынан бастап, уақытша немесе тұрақты қолданудың жеке мүлкі түріндегі жер телімін иеленеді. Сондықтан, құқық бойынша пайда болған даулар, тек, сот тәртібімен шешіледі. Сот жер дауларын қарауда, басқа да дау түрлеріндей, жеке мүлікті тиісті түрде қорғауы керек.
Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.